Дизимнен өтиў    Кириў
Сайтқа кириў


Өлең Төлегеннен…
Бiр тойым болатыны сөзсiз, мениң,
Дәл қай күнi екенiн айта алмаймын.
Бiрақ, бiрақ ешкiмдi де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар үран сондай,
Қайта алмайды қартың да бiр ән салмай.
Жиырма бестiң бәрiн де сабылдыртам,
Кемпiрлерге қыз күнiн сығындыртам.
Жеңгейлердiң толтырам гүлге етегiн,
Iнiлерге ағаны үлгi етемiн.
Менiң жарым бүл күнi кiрпiк iлмей,
Ақ көңлiмен ақ қайың бүртiгiндей,
Омырауынан бiр сәуiр шайқап есiп,
Ажырасқандарды жүредi қайта қосып,
Мен өзiм де ән салам түн ауғанша,
Менiң жаным бүл күнге қүмар қанша!?
Бәйге берем жығылған палуанға да,
Адалдығы сезiлiп түрар болса.
Жанам деген жүрекке от беремiн,
Шабам деген жiгiтке ат беремiн.
Мен әйтеуiр бар жиған-тергенiмдi.
Бiр тамаша той қылып өткеремiн.
Бiздiң үйдi сол күнi бетке ал қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бүл тойдан тiлеймiн жылап түрып
Қазанымда бiр асым ет қалмауын.
Мен, сөйтiп, бар шаңнан бiр сiлкiнемiн,
Мен, сөйтiп, рақаттанып бiр күлемiн.
Кiм бiлсiн, талай күнгi арманым ед,
Мәңгiлiк тарқамауы да мүмкiн оның.

Төлеген акын
КОММЕНТАРИЯЛАР (1)
dariga 2 февраля 2016 12:06
To'legen Aybergenov az wo'mir su'rse de, maznundi wo'len'derdi jazg'an
Жуўап    1
Комментария жазыў
Атыңыз:
E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код:
          Включите эту картинку для отображения кода безопасности
кодты жаңалаў

Кодты киритиң: